
Ағымдағы жылдың 29 мамырында коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы Ш. Галеева «NewMontSchool» мектебінің еңбек ұжымымен құқықтық түсіндіру жұмысын жүргізді. Кездесу барысында қызметкерлерге мемлекеттік қызметтерді көрсетудің белсенді форматының артықшылықтары, цифрлық платформалар арқылы электрондық форматта қызметтер алу мүмкіндіктері, сондай-ақ азаматтардың мүлік құқықтарын қорғау және құқықтық сауаттылық саласында мемлекеттің белсенді рөлі туралы түсіндірілді. Кездесуге қатысушыларға қызықтырған сұрақтарына жауаптар берілді және электрондық мемлекеттік қызметтерді пайдалану бойынша ұсынымдар берілді.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі