
Ағымдағы жылдың 28 мамырында коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы Ш. Галеева Қостанай жоғары медициналық колледжінің студенттеріне «Конституция және жастардың құқықтары» тақырыбында семинар өткізді. Өз сөзінде Ш. Галеева Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ жастардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелері туралы айтып өтті. Еліміздің Ата Заңы жас азаматтарға білім алу, еңбек ету, сөз бостандығы, заң алдында тең болу және елдің қоғамдық өміріне қатысу құқықтарына кепілдік береді. Семинар барысында жастардың мемлекеттің болашағы екендігі ерекше атап өтіліп, конституциялық құқықтардың сақталуы белсенді, білімді әрі жауапты ұрпақтың қалыптасуына ықпал ететіні айтылды. Конституцияны білу жастарға өз құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ қоғамдағы рөлін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Семинар соңында студенттер тақырып бойынша пікір алмасып, талқылауға белсенді қатысып, көтерілген мәселелердің өзектілігін атап өтті.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі