Онлайн-кеңес

Онлайн-кеңес

🔹2026 жылдың 28 мамырында «Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі ұйымдастырған Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2026 жылдың I тоқсанындағы жұмыс қорытындыларына арналған онлайн-кеңес өтті.
🔹Іс-шара барысында Қостанай облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Темірбек Нәжіканов атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, мемлекеттік қызметшілер арасында қызметтік тәртіпті нығайту, әдеп нормаларын сақтау және құқықтық мәдениетті арттыру бағытында жүргізілген іс-шараларға тоқталды.
🔹Кеңес аясында әдеп нормаларын бұзудың алдын алу, мемлекеттік қызметте адалдық, ашықтық және жауапкершілік қағидаттарын қалыптастыру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін арттыру және заңдылық пен әділеттілік қағидаттарын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.


Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі