Отбасы күніне арналған жас жұбайларды құрметтеу

Отбасы күніне арналған жас жұбайларды құрметтеу

Халықаралық отбасы күні қарсаңында 2026 жылғы 14 мамырда Қостанай облысының Әділет департаментінің қызметкерлері Қостанай облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалының АХАТ бөлімімен бірлесіп, Қостанай қаласының неке қию сарайында жас отбасын салтанатты түрде құттықтау рәсімін өткізді.

 Іс-шара жылылық пен өзара түсіністік атмосферасында өтті. Жаңа жұбайларға Қостанай облысының Әділет департаментінің тіркеу қызметі мен коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу саласындағы бақылау бөлімінің қызметкерлері құттықтау сөз сөйледі.

Берік отбасын құру қоғамның тұрақтылығының негізі және Қазақстан Республикасының мемлекеттік отбасы саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады.


Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі