Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бағыты бойынша дөңгелек үстел өткізілді

Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бағыты бойынша дөңгелек үстел өткізілді

2020 жылғы 12 қарашада нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімі «2021 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге Қостанай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері қатысты. Шараның мақсаты жергілікті деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерді жоғары тұрған заңнамаға сәйкес келтіру болып табылады. Дөңгелек үстелге қатысушылар талқылауының қорытындысы бойынша әкімдік қаулыларының жобаларын әзірлеу кезінде ескерілетін ұсыныстар айтылды және ұсынымдар қабылданды.

Қостанай облысы

Әділет департаментінің

Баспасөз қызметі