
«Заң ментәртіп» идеологиясын іске асыру шеңберінде 2026 жылғы 13 мамырда Қостанай облысы Әділет департаментінің сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің бас маманы Медина Рахимова «Қостанай ауданының Заречная мектеп лицей білім бөлімі» КММ-де 8 сынып оқушыларымен дәріс өткізді. «Конституция: негізгі құқықтар, бостандықтар мен міндеттер» тақырыбында.
Дәріс шеңберінде Конституциялық реформалардың негізгі бағыттары қаралды, азаматтардың негізгі құқықтары, бостандықтары мен міндеттері және құқықтық мәдениетті арттыру талқыланды. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып пікір алмасты.
Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі