
Қостанай облысы Әділет департаментінің ғимаратында темекі шегудің зияны және оның адам денсаулығына теріс әсері туралы хабарлауға бағытталған тақырыптық парақшалар орналастырылды. Негізгі мақсат-өз денсаулығына саналы көзқарасты қалыптастыру, сондай-ақ қызметкерлер арасында темекі өнімдерін тұтыну деңгейін төмендету.
Сондай-ақ, ұжымда салауатты өмір салты мәдениетін нығайту үшін темекі шегудің салдары және оның жалпы өмір сапасына әсері туралы ақпарат берілді.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі