Әділет департаментінің қызметкерлері Ұлы Отан соғысы батырларының рухына тағзым етті

Әділет департаментінің қызметкерлері Ұлы Отан соғысы батырларының рухына тағзым етті

🔹Әділет департаментінің қызметкерлері Ұлы Отан соғысы батырларының рухына тағзым етіп, ескерткішке гүл шоқтарын қойды. 9 мамыр қарсаңында олар қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, бейбіт болашақты қорғау жолында өз өмірін құрбан еткен жандарға құрмет көрсетті.
🔸Бұл күні алғыс айту мен еске алудың маңызы ерекше. Себебі әрбір есімнің артында ерлік пен батырлық танытқан нақты адамдардың тағдыры жатыр.

Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі