
🔹«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылдың 8 мамырында Қостанай облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Темирбек Нажиканов және әкімшілік бөлімінің басшысы Салтанат Аитова корпоративтік мәдениетті нығайту мақсатында жаңадан қабылданған қызметкермен кездесу өткізді.
🔸Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау, құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарға жол бермеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, сондай-ақ Департаменттің ішкі еңбек тәртібі мәселелері талқыланды.
Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі