
🔹 «Зияткерлік меншік және спорт: жаңа идеялар мен мүмкіндіктер» тақырыбындағы фитнеспен айналысуға арналған спорттық киім дизайнының аймақтық байқауын қорытындылау аясында Дарья Днепровскаяның жұмысы үздік деп танылып, Республикалық байқаудың екінші кезеңіне жолданды.
Баршаңызды қатысушымызды ❤️ және Instagram желісіндегі @mnnkoof парақшасында пікір қалдыру арқылы белсенді қолдауға шақырамыз.
Сіздердің қолдауларыңыз жеңіске жетуге, сондай-ақ зияткерлік еңбек пен инновацияларға деген құрмет мәдениетін насихаттауға қосылған маңызды үлес болмақ.
🔹 Дарьяға алдағы уақытта сәттілік, шабыт және байқаудың республикалық кезеңінде жеңіс тілейміз!
#антиконтрафакт2026
@mnnkoof
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі