
🔸6 мамырда, 7 мамыр - Отан қорғаушы күні мерекесі қарсаңында Әділет департаментінде салтанатты іс-шара өтті.
🔹Департамент басшысы Алия Аманжулова ұжымның ер-азаматтарын келе жатқан мерекемен құттықтап, оларға мықты денсаулық, береке, кәсіби табыс және тұрақтылық тіледі. Өз сөзінде ол заңдылықтың маңыздылығын және қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз етудегі олардың үлесін атап өтті.
🔸Ұжымның әйелдер қауымы әріптес ер азаматтарға арнап мерекелік бағдарлама дайындап, құттықтау видеороликтері көрсетілді.
🔹Іс-шара салтанатты әрі жылы атмосферада өтті.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі