
🔹«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында 2026 жылдың 5 мамырында Қостанай облысы Әділет департаментінің басшысы Алия Аманжулова облыс әкімдігіне қарасты азаматтарды қабылдау орталығында жеке қабылдау өткізді.
🔸Өтініш білдірген азаматтарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсініктемелер беріліп, сондай-ақ жаңа Конституцияның негізгі ережелері мен маңызы бойынша қосымша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
🔹Жеке қабылдаулар «халықтың уәжіне құлақ асу» мемлекет тұжырымдамасы шеңберінде тұрғындармен кері байланысты едәуір күшейтуге және азаматтардың сұраныстарына уақытылы жауап беруге мүмкіндік береді.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі