«Бірыңғай ашық есік күні»

«Бірыңғай ашық есік күні»

🔸2026 жылдың 30 сәуірінде «Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында, ҚР Әділет министрлігінің хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында «Бірыңғай ашық есік күні» өткізілді.

🔹Іс-шараға Әділет департаментінің қызметкерлері, адвокаттар, нотариустар, жеке және мемлекеттік сот орындаушылары, сондай-ақ заң консультанттары қатысты.

🔸Іс-шара барысында азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша консультациялар берілді. Ерекше назар жаңа Конституцияның ережелерін түсіндіруге, сондай-ақ оны тәжірибеде қолдану тәртібіне аударылды. Мамандар қолданыстағы заңнаманың нормаларын және мемлекеттік органдарға жүгіну тәртібін түсіндірді.


Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі