«Таза Қазақстан»

«Таза Қазақстан»

🔸Акция «Таза Қазақстан» аясында тек мемлекеттік органдар мен құқықтық қауымдастық өкілдері ғана емес, сондай-ақ Әділет департаменті қызметкерлерінің балалары да белсене қатысты.

🔹Іс-шара барысында Әділет департаменті қызметкерінің ұлы Әділет-те белсенді қатысып, акцияға өз үлесін қосты. Ол басқа қатысушылармен бірге ағаш отырғызу жұмыстарына атсалысып, табиғатқа деген сүйіспеншілігін көрсетті. Әділет облыс әкімімен кездесіп, естелік суретке түсті.

🔸Мұндай сәттер жас ұрпақтың экологиялық бастамаларға деген қызығушылығын арттырып, табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.


Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі