
🔸2026 жылдың 25 сәуірінде республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қоршаған ортаға жауапкершілікті арттыруға және экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған ауқымды іс-шара өтті.
🔹Аталған бастама Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауымен жүзеге асырылды. Мемлекет басшысы телемост арқылы байланысқа шығып, акцияға қатысушыларға сәттілік тілеп, табиғатты қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.
🔸Іс-шараға облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысып, өңірде экологиялық бастамаларды дамытуға бағытталған мұндай акциялардың ерекше рөлін атап өтті.
🔹Негізгі іс-шара Триатлон саябағында өтті, мұнда қатысушылар бірлесіп ағаш отырғызу жұмыстарын жүргізіп, аумақты көгалдандыруға өз үлестерін қосты.
🔸Акцияға Әділет департаментінің басшысы Алия Аманжулова, мекеменің қызметкерлері, сондай-ақ 5 заң қауымдастығының және құқықтық институттардың өкілдері қатысты. Барлық қатысушылар ортақ іске белсенді қатысып, табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін нығайтуға атсалысты.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі