«Зияткерлік меншік және спорт: сөреге, назар аудар, инновация» тақырыбында дөңгелек стол

«Зияткерлік меншік және спорт: сөреге, назар аудар, инновация» тақырыбында дөңгелек стол

🔸«Заң мен тәртіп» идеологиясын және «Антиконтрафакт» республикалық акциясын іске асыру аясында Зияткерлік меншік құқығы бөлімі «Қазақ Батыры» аралас жекпе-жек академиясының тәрбиеленушілері үшін жаттықтырушы, грэпплингтен спорт шебері, джиу-джитсудан әлем чемпионы (Абу-Даби), грэпплингтен 2022 жылғы Қазақстан Республикасы Кубогының жүлдегері, 2023 жылғы ашық әлем чемпионатының күміс жүлдегері Азымбек Жайсенбаевпен бірлесіп «Зияткерлік меншік және спорт: сөреге, назар аудар, инновация» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

🔹Іс-шара барысында қазіргі спорттағы зияткерлік меншіктің рөлі, контрафактілік өнімдерді пайдалану тәуекелдері талқыланды. Сондай-ақ түпнұсқа өнімді контрафактіден ажырату бойынша интерактивті ойын ұйымдастырылды. Спортшыларға контрафактілік өнімдердің тек заң бұзушылық қана емес, сонымен қатар өмір мен денсаулыққа нақты қауіп төндіруі мүмкін екені көрнекі мысалдармен түсіндірілді.

🔸Бүгінгі таңда зияткерлік меншікті қорғау көптеген қызмет салаларын, соның ішінде спортты да қамтиды. Түпнұсқа өнімді таңдау және адал нарықты қолдау арқылы әрқайсымыз спорттың, экономиканың және қоғамның құқықтық мәдениетінің дамуына үлес қосамыз.

🔹Заңдылық жеке таңдаудан басталады — сапаны, қауіпсіздікті және адал спортты таңдаңыз.

#Антиконтрафакт2026
@adiletgovkz
@wipo_


Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі