
🔸«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылдың 22 сәуірінде Қостанай облысында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жан-жақты құқықтық көмек көрсетуге және олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Мүмкіндік» облыстық әлеуметтік-құқықтық акциясы өтті.
🔹Іс-шара барысында азаматтарға Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының әділдік, заң үстемдігі және адам құқықтарын қорғау қағидаттарын нығайтуға бағытталған ережелері түсіндірілді. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына берілетін кепілдіктерді кеңейтуге, қоғамдағы заңның рөлін арттыруға, сондай-ақ конституциялық нормаларды күнделікті өмірде іске асыру тетіктеріне ерекше назар аударылды.
🔸Акцияға Әділет департаментінің қызметкерлері, адвокаттар, нотариустар, заң консультанттары сондай-ақ жеке және мемлекеттік сот орындаушылары қатысты.
🔹Мамандар жеке консультациялар өткізіп, практикалық ұсыныстар берді, нақты өмірлік жағдайларды шешуге жәрдем көрсетті, сондай-ақ түрлі санаттағы азаматтарды, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмыспен қамтуға ықпал етті: жұмыспен қамту мәселелері бойынша кеңес беріп, жұмыс берушілермен өзара іс-қимылды ұйымдастыруға көмектесті және мемлекеттік қолдау шараларын түсіндірді.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі