
🔸«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылдың 17 сәуірінде құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Адель Досмухамбетова Қостанай облысының нотариаттық палатасында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және заңдылық пен құқықтық тәртіп қағидаттарын нығайтуға бағытталған түсіндіру іс-шарасын өткізді.
🔹Кездесу барысында мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, тәжірибеде жиі кездесетін бұзушылықтар атап өтілді.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі