
🔹«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылдың 17 сәуірінде Қостанай облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Темирбек Нажиканов және әкімшілік бөлімінің басшысы Салтанат Аитова корпоративтік мәдениетті нығайту мақсатында жаңадан қабылданған қызметкерлермен кездесу өткізді.
🔸Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау, құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарға жол бермеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, сондай-ақ Департаменттің ішкі еңбек тәртібі мәселелері талқыланды.
Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі