
🔸«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылдың 13 сәуірінде Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы Абылай Дарке Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Қостанай жоғары медициналық колледжі» КМК студенттерімен «Жаңа Конституциядағы негізгі құқықтар, бостандық және міндеттер» тақырыбында кездесу өткізді.
🔹Кездесу барысында студенттерге жаңа Конституциядағы негізгі өзгерістер, азаматтардың негізгі құқықтары, бостандықтары мен міндеттері, сондай-ақ заң үстемдігін қамтамасыз ету және құқықтық тәртіпті нығайтудағы мемлекеттік және қоғамдық институттардың рөлі түсіндірілді.
🔸Сонымен қатар, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мәселелері, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдарға жататын ұйымдық-құқықтық нысандар жөнінде түсіндірме берілді.
🔹Қойылған барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі