Мектеп педагогтарымен «Конституция: негізгі құқықтар, бостандық және міндеттер» тақырыбында дәріс өткізілді

Мектеп педагогтарымен «Конституция: негізгі құқықтар, бостандық және міндеттер» тақырыбында дәріс өткізілді

🔸«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылдың 13 сәуірінде Әділет департаментінің бас маманы Вероника Фрик мектеп педагогтарымен «Конституция: негізгі құқықтар, бостандық және міндеттер» тақырыбында дәріс өткізді.

🔹Іс-шара барысында Конституцияның негізгі ережелері түсіндіріліп, сондай-ақ оның нормаларына енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтырулар талқыланды. Азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелеріне, заңдылық қағидаттарына және Конституцияның күнделікті өмірдегі рөліне ерекше назар аударылды.

🔸Дәріске қатысушылар талқылауға белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жан-жақты жауаптар алды.


Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі