Салтанатты жиын

Салтанатты жиын

🔹«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылдың 10 сәуірінде әкімшілік бөлімнің басшысы Салтанат Аитова академик З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінде өткен салтанатты жиынға қатысты. Іс-шара Ғылым қызметкерлері күніне және көрнекті ағартушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына арналды.

🔸Кездесу барысында қатысушылар ғылыми қызметтің маңыздылығы мен Ы. Алтынсариннің білім мен мәдениетті дамытуға қосқан үлесін талқылады. Сондай-ақ заңдылық пен құқықтық тәртіп қағидаларын нығайту, мемлекеттік органдар мен білім беру мекемелері арасындағы өзара іс-қимылды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.


Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі