
🔸«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылдың 27 наурызында Қостанай облыстық сотында «2024 жыл және 2025 жылдың 9 айы бойынша мұрагерлікке қатысты азаматтық істер жөніндегі сот практикасы» тақырыбында дөңгелек стол өткізілді.
🔹Дөңгелек стол жұмысына Қостанай облыстық сотының судьялары, Қостанай облысы әкімдігінің, Қостанай облысы Әділет департаментінің өкілдері, Қостанай облысының Нотариаттық палатасының төрағасы және Қостанай қаласының нотариустары қатысты.
🔸Іс-шара барысында мұрагерлік құқық нормаларын қолданудың өзекті мәселелері талқыланып, сот тәжірибесінде туындайтын негізгі проблемалар анықталды. Дөңгелек стол қорытындысы бойынша қатысушылар құқық қолдану қызметін жетілдіруге және азаматтардың құқықтарын қорғау тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар әзірледі.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі