Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласында дөңгелек стол өткізілді

Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласында дөңгелек стол өткізілді

🔹«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылдың 30 наурызында зияткерлік меншік құқығы бөлім Қостанай облысының Полиция, Экономикалық тергеп-тексеру және Мемлекеттік кірістер департаменттері өкілдерінің қатысуымен зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелері бойынша дөңгелек стол өткізді.

🔸Іс-шара қорытындысы бойынша халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ контрафактілік өнімдерге төзбеушілік көзқарасты қалыптастыру мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылды одан әрі дамыту қажеттігі атап өтілді.


Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі