Қостанай облысы аудандары әкімдіктері аппараттарының мамандарына арналған семинар өткізілді

Қостанай облысы аудандары әкімдіктері аппараттарының мамандарына арналған семинар өткізілді

🔸«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылдың 30 наурызында құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Балгуль Күдесова және бөлімнің бас маманы Адель Досмухамбетова Қостанай облысы аудандары әкімдіктері аппараттарының мамандарына арналған семинар өткізді.

🔹 Семинар барысында мамандарға «Құқық кабинеттерінің» жұмысын қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат беріліп, қызметтің негізгі бағыттары мен халықпен жұмысты ұйымдастыру тәртібі түсіндірілді.

🔸 Азаматтарға құқықтық көмектің қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ әлеуметтік желілер арқылы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыру қажеттігі атап өтілді.

🔹 Семинарға қатысушыларға осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыру, «Құқық кабинеттерінің» сапалы жұмыс істеуін қамтамасыз ету және халықпен өзара іс-қимылды күшейту ұсынылды.


Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі