23 наурыз – Тазару күні

23 наурыз – Тазару күні

🔸23 наурыз – Тазару күні қарсаңында Қостанай облысы Әділет департаментінің қызметкерлері қоғамға пайдалы іс жасау мақсатында балалар үйі «Дельфин» ауласында тазалық жұмыстарын жүргізді.
🔹Тазалау жұмысына Әділет департаментінің қызметкерлері, адвокаттар алқасының өкілдері, сот орындаушылары және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығының қызметкерлері қатысты. Олар қарды тазалап, ауланы жинастырып, балалар үшін таза әрі жайлы орта қалыптастыруға үлес қосты. Мұндай істер бірлікті нығайтып, қоғамға қамқорлық пен мейірімділікті көрсетуге бағытталған.
🔸Тазару күні – өзгелерге көмектесу, ортақ ортаға үлес қосу және жақсы істер жасау күні.


Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі