21 наурыз – Ынтымақ күні

21 наурыз – Ынтымақ күні

🔸21 наурыз – Ынтымақ күні қарсаңында Қостанай облысы Әділет департаментінің қызметкерлері мерекені бірлік пен татулық атмосферасында атап өтті.
🔹Қызметкерлер бір-бірін мерекемен құттықтап, бір дастархан басында жиналып, жылы лебіздерімен бөлісті. Сонымен қатар, іс-шара барысында қызметтік міндеттерін адал әрі кәсіби деңгейде атқарғаны, Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Балгуль Кудесова және мемлекеттік сот орындаушысы Самат Тоқбаев ведомстволық наградалармен марапатталды.
🔸Мұндай кездесулер ұжымдағы ауызбіршілік пен өзара сыйластықты нығайта түседі. Ынтымақ күні - адамдарды жақындастырып, достық пен келісімді дәріптейтін маңызды мереке.


Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі