
🔸20 наурыз - Ұлттық спорт күні. Осы күнге орай Қостанай облысы Әділет департаментінің қызметкерлері ұлттық спорт түрлерін насихаттауға белсенді қатысты.
🔹Қызметкерлер №24 мектепте оқушыларға спорттық жарыстар ұйымдастырып, өзара бақ сынасты. Сонымен қатар, ипподромда өткен жарыстарға қатысып, садақ ату және атпен шабу секілді ұлттық спорт түрлерінен шеберліктерін көрсетті.
🔸Аталған шаралар ұлттық спортты дәріптеуге, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және жастарға үлгі болуға бағытталды.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі