
🔸«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылдың 20 наурызында Қостанай облысы Әділет департаментінің әкімшілік бөлімінің басшысы Салтанат Аитова Қостанай облысының Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі салалық кеңестің отырысына қатысты.
🔹Отырыс барысында «Бизнес және басқару» және «Құқық» бағыттары бойынша жоғары оқу орындарындағы білім беру бағдарламаларын жетілдіру, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне инновацияларды енгізу, сондай-ақ түлектерді жұмыспен қамту және жас мамандарды мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылды.
🔸Отырыс қорытындысы бойынша білім беру ұйымдары, мемлекеттік органдар және жұмыс берушілер арасындағы өзара іс-қимылды арттыруға бағытталған ұсыныстар әзірленді. Бұл өңірде құқықтық тәртіпті нығайтуға және адами капиталды дамытуға ықпал ететін болады.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі