
🔸«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылдың 19 наурызында Әділет департаменті басшысының орынбасары Темирбек Нажиканов халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған «Құқықтық алаң» өңірлік акциясына қатысты.
🔹Іс-шара барысында тұрғындарға әртүрлі құқықтық мәселелер бойынша консультациялар ұсынылып, қолданыстағы заңнама нормалары түсіндірілді, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша ұсынымдар берілді.
🔸Акцияға адвокаттар, нотаруистар, заң консультанттары, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың, құқық қорғау құрылымдарының және басқа да мүдделі ұйымдардың өкілдері қатысты.
🔹Іс-шараның негізгі мақсаты - қоғамның құқықтық мәдениетін нығайту, азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін арттыру және заңдылық пен құқықтық тәртіп қағидаттарын қалыптастыру.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі