
🔸17 наурыз – Шаңырақ күні. «Наурызнама» онкүндігі аясында Қостанай облысы Әділет департаментінің қызметкерлері Л.Н. Толстой атындағы облыстық кітапхана ұйымдастырған іс-шараға қатысты.
🔹Іс-шара барысында отбасы құндылықтары кеңінен насихатталды. Қонақ ретінде қатысқан отбасы бірлік, сыйластық және ұрпақтар сабақтастығы туралы ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, ұлттық әндер шырқалып, домбырамен күй орындалды, қазақтың ұлттық тағамдарынан дастархан ұсынылды.
🔸Аталған шара отбасы институтын нығайтуға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және дәстүрлер сабақтастығын көрсетуге бағытталды.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі