
🔸17 наурыз – Шаңырақ күні. «Наурызнама» онкүндігі аясында Қостанай облысы Әділет департаментінің қызметкерлері отбасы құндылықтарын дәріптеуге арналған іс-шара ұйымдастырды.
🔹Іс-шара барысында балалардың қатысуымен бауырсақ жасау процесі көрсетіліп, ұлттық тағам дайындау дәстүрі насихатталды. Сонымен қатар, анасы мен қыздарының бірлесіп қазақы әшекей бұйымдарын жасау үлгісі ұсынылды.
🔸Аталған шара отбасы бірлігін нығайтуға, ұлттық дәстүрлерді дәріптеуге және ұрпақтар сабақтастығын көрсетуге бағытталды.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі