
🔸«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылдың 14 наурызында Әділет департаментінің қызметкерлері Qostanai TV телеарнасының Диалог бағдарламасында сұхбатқа қатысты.
🔹Талқылау тақырыбы отбасы институтының дағдарысы болды. Бағдарлама барысында қатысушылар ажырасу санының артуын, отбасылық жанжалдардың себептерін, сондай-ақ алимент өндіру бойынша статистиканы талқылады. Мемлекеттік орган өкілдері некені бұзғаннан кейін отбасылар кездесетін мәселелер туралы, атап айтқанда балаларды асырау және ата-аналардың жауапкершілігі мәселелері жөнінде айтып өтті.
🔸Сонымен қатар отбасылық жанжалдардың алдын алу, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған шараларға ерекше назар аударылды.
14.03.2026
https://youtu.be/S6lwh7vtY-0?si=2OM6fqFfiWTCVKv_
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі