
🔸15 наурыз – Қайырымдылық күні. «Наурызнама» онкүндігі аясында Қостанай облысы Әділет департаментінің қызметкерлері қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
🔹Акция барысында департаменттің барлық қызметкерлері азық-түлік өнімдерін жинауға атсалысты. Жиналған азық-түлік себеттері әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған және мұқтаж 4 отбасына табысталды.
🔸Бұл игі шара адамдарға қамқорлық пен қолдау көрсетудің, мейірімділік пен жанашырлықтың маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі