
🔸«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылдың 13 наурызында AMANAT партиясының алаңында «Құқықтық көмек» жобасы шеңберінде азаматтарды қабылдау өткізілді.
🔹Азаматтарды қабылдауды Әділет департаменті басшысының орынбасары Темірбек Нәжиканов жүргізді. Қабылдауға сондай-ақ өңірлік жеке сот орындаушылар палатасының төрағасы Кайрат Баймуханов, Қостанай облысы заң консультанттары палатасының төрағасы Болатбек Искаков, «Заңгер» заң консультанттары палатасының төрағасы Даурен Рахаделов және жеке сот орындаушылары қатысты.
🔸Қабылдау барысында азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсетіліп, атқарушылық іс жүргізу, берешекті өндіру және басқа да құқықтық мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі