
🔸 2026 жылдың 12 наурызында «Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Әділет департаменті басшысының орынбасары Темирбек Нажиканов және «Қостанай қаласының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалының басшысы – аға сот орындаушысы Райхан Тлеубаева «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының өкілдерімен онлайн-кездесу өткізді.
🔹Кездесу барысында «Заречное» АШТӨС-нен жалақы бойынша берешекті өндіру, сондай-ақ «Қазақ Тұлпары» ЖШС-нің жеке және заңды тұлғалар алдындағы берешегі мәселелері қаралды.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі