
🔸«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылдың 11 наурызында Әділет департаментінің бас маманы Шынар Осипова мектеп оқушыларына «Қазақстан Республикасының Конституциясы: азаматтардың негізгі құқықтары, бостандықтары мен міндеттері» тақырыбында дәріс өткізді.
🔹Кездесу барысында адамның және азаматтың негізгі конституциялық құқықтары мен бостандықтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарын сақтау жөніндегі азаматтардың міндеттері түсіндірілді.
🔸Іс-шара барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша практикалық түсіндірмелер алды.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі