
🔸«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылдың 11 наурызында «Қостанай қаласының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалының басшысы, аға сот орындаушысы Райхан Тлеубаева 8-сынып оқушыларына лекция өткізді.
🔹Лекция Қазақстан Республикасының Конституциясына арналды. Кездесу барысында оқушыларға еліміздің басты заңының негізгі ережелері, азаматтардың негізгі құқықтары, бостандықтары мен міндеттері туралы түсіндірілді. Сонымен қатар заңдылықты сақтау, өзге адамдардың құқықтарын құрметтеу және әр азаматтың өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарауы мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі