Студенттермен кездесу

Студенттермен кездесу

2026 жылдың 5 наурызында «Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында «Заңгер» заң консультанттары палатасының төрағасы Даурен Рахаделов Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті студенттерімен кездесуге қатысты.

Іс-шара облыстық коалиция мүшелері - Сейітбек Қуанышбаев пен Гүлмира Капенованың қатысуымен ашық диалог форматында өтті. Кездесудің негізгі тақырыбы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері мен алдағы референдумның ел болашағы үшін маңызы болды.

Іс-шара қорытындысы бойынша кездесу және талқыланған бастамалар туралы ақпарат «Qostanai tany» газетінде де жарияланды.

https://kostanaytany.kz/qostanajda-stwdentterge-zhanga-konstitwciya-zhobasy-tanystyryldy/

 

Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі