Семинар өткізілді

Семинар өткізілді

2026 жылдың 5 наурызында «Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында зияткерлік меншік құқығы бөлімнің қызметкерлері «Qazpatent» ұлттық зияткерлік меншік институтымен бірлесіп, телерадио хабарларын таратушы ұйымдардың өкілдеріне арналған Zoom платформасында онлайн-семинар өткізді. Кездесу тақырыбы Бірыңғай цифрлық платформаның функционалын түсіндіру болды.
Аталған платформа зияткерлік меншік объектілерін пайдалануды мониторингтеуге арналған, бұл сыйақыларды бөлу дәлдігін арттыруға және адами фактордың ықпалын азайтуға мүмкіндік береді. Оқу барысында қатысушылар тіркеу рәсімін, қажетті құжаттар тізбесін талқылап, сондай-ақ жүйемен жұмыс істеудің практикалық аспектілерін қарастырды.

 

Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі