
«Заң мен Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында «Қазпошта» Қостанай облыстық филиалында «Заңгер» палатасының төрағасы Даурен Рахаделов пен «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелерінің қатысуымен кездесу өтті.
Ашық диалог барысында қатысушылар жаңа Конституция жобасының әділетті мемлекет қағидаттарын нығайтуға және «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асыруға бағытталған негізгі ережелерін талқылады. Отбасы институтын қолдау, жастарды тәрбиелеу және балаларды әлеуметтік қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі