Семинар өткізілді

Семинар өткізілді

«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру шеңберінде 2026 жылдың 27 ақпанында Қостанай облысы Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің басшысы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалының қызметкерлері үшін заңды тұлғаларды және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу мәселелері бойынша семинар өткізді.

Семинар барысында жаңашылдықтарға, сондай-ақ коммерциялық емес заңды тұлғаларды тіркеуден бас тартудың негізгі себептеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, құжаттарды электрондық апостильдеу мәселелері де қарастырылды.

Іс-шара барысында семинарға қатысушылардың қойған сұрақтарына жауаптар берілді.


Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі