Baitursynuly University Career Connect 2026 – Мансап күні

Baitursynuly University Career Connect 2026 – Мансап күні

«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылдың 27 ақпанында Әділет департаментінің әкімшілік бөлімінің басшысы Салтанат Аитова Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті ұйымдастырған Baitursynuly University Career Connect 2026 – Мансап күніне қатысты.

Мансап күні аясында қатысушылар университет пен жұмыс берушілер арасындағы серіктестікті дамыту, түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, өндірістік практика мен тағылымдамаларды ұйымдастыру, сондай-ақ дуалды оқыту элементтерін енгізу мәселелерін талқылады. Арнайы назар кадрларды тәжірибеге бағытталған даярлау сапасын арттыруға, жұмыс берушілердің түлектердің қорытынды аттестациясына қатысуына және жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға аударылды.


Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі