
«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында 2026 жылдың 16 февраля коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы Шолпан Галеева 8-сынып оқушыларына «Тұрмыстық зорлық-зомбылықты алдын алу және құқықтық жауапкершілік» тақырыбында дәріс өткізді.
Іс-шара барысында маман жасөспірімдер арасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түрлері, оның құқықтық салдары және алдын алу шаралары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оқушыларға зорлық-зомбылықтың психологиялық, физикалық және кибербуллинг сияқты түрлері туралы айтылып, олардың заң алдындағы жауапкершілігі түсіндірілді.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі