Дәріс өткізілді

Дәріс өткізілді

«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында 2026 жылдың 16 ақпанында құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Адель Кикимова Қазтұтынуодағы Қостанай жоғары колледжінің 3-курс студенттері үшін «Конституция: негізгі құқықтар, бостандықтар және міндеттер» тақырыбында дәріс өткізді.

Дәріс барысында Департамент маманы Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелерін түсіндіріп, сондай-ақ әділетті және құқықтық мемлекет қағидаттарын одан әрі нығайтуға бағытталған конституциялық өзгерістерге жан-жақты тоқталды.

 

Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі