
Қазақстанда «өтінімді кім бірінші берсе, сол» қағидаты әрекет етеді.
«Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы» ҚР Заңының 4-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында тауар белгілеріне құқықтық қорғау осы Заңда белгіленген тәртіпте оларды тіркеу негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына орай тіркеусіз беріледі.
Тауар белгілеріне құқықтық қорғау жеке немесе заңды тұлғаларға беріледі.
Тауар белгісіне айрықша құқық тауар белгісі Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген күннен бастап туындайды.
Тауар белгісіне құқық куәлікпен куәландырылады және Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірмемен расталады.
Куәліктің нысанын уәкілетті орган белгілейді.
Тауар белгісінің иесі куәлікте көрсетілген тауарлар мен қызметтерге қатысты өзіне тиесілі тауар белгісін пайдалану және оған билік етудің айрықша құқығына ие болады. Қазақстан Республикасында қорғалатын тауар белгісін оның иесінің келісімінсіз ешкім де пайдалана алмайды.