
2026 жылдың 10 ақпанында «Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында «Qostanai TV» телеарнасында «Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің заманауи моделін айқындайды» тақырыбында сюжет жарияланды.
Аталған іс-шара барысында 1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясын әзірлеуге қатысқан Әділет органдарының ардагері, қоғам қайраткері Сергей Жалыбин сөз сөйледі. Ол өз баяндамасында жаңа Конституция жобасына қатысты пікірін білдіріп, оның елдің одан әрі дамуы үшін маңыздылығын атап өтті.
Спикердің айтуынша, 1995 жылғы Конституция тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына берік құқықтық негіз қалап, мемлекеттіліктің нығаюын, тұрақтылықтың сақталуын және мемлекеттік басқару жүйесінің тиімді қалыптасуын қамтамасыз етті. Оның пікірінше, жаңа Конституция жобасы заманауи талаптар мен сын-қатерлерді ескере отырып әзірленген және мемлекеттік құрылым моделін жетілдіруге, заңдылық пен әділдік қағидаттарын нығайтуға, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруға бағытталған.
10.02.2026
https://youtu.be/iC4OotroFJY?si=pcz5jgCT2LQt5s_V
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі