
2026 жылдың 11 ақпанында «Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Қостанай облысы Әділет департаментінің алаңында Әділет департаментінің бас маманы Адель Досмухамбетованың, сондай-ақ Қостанай облысы Нотариаттық палатасының төрағасы Азамат Баекиннің және Қостанай облысы бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының көшпелі бөлімінің өкілі Марат Нугмановтың қатысуымен азаматша К.-ны мұрагерлік құқық және зейнетақы жинақтары мәселелері бойынша жеке қабылдау өткізілді.
Қабылдау барысында өтініш берушіге мұрагерлік құқықтық қатынастар мен зейнетақы қорынан төленетін төлемдерге қатысты түсіндірмелер берілді.
Қабылдау аясында қолданыстағы заңнамаға сәйкес консультация беріліп, қалыптасқан жағдайды реттеу бойынша одан әрі іс-әрекеттер алгоритмі түсіндірілді.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі