
2026 жылдың 11 ақпанында «Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Қостанай облысы Әділет департаменті Қостанай қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалының қызметкерлері үшін «Әкімшілік әділет, нормашығармашылық және заң көмегін ұйымдастыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды түсіндіру бойынша семинар өткізді. Аталған Заң азаматтық хал актілері жазбаларындағы қателерді анықтауға қатысты дауларды Азаматтық процестік кодекстен Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекске көшіруді көздейді.
Сонымен қатар, «Бала тууын тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу» мемлекеттік қызметінің нәтижелерін «Kaspi Bank» АҚ постаматтары арқылы беру бойынша пилоттық жобаны енгізу туралы ақпарат жеткізілді.
Семинар барысында азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде туындайтын проблемалық мәселелер де қарастырылды.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі