
2026 жылдың 10 ақпанында «Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында әкімшілік бөлімінің басшысы Салтанат Аитова З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті алаңында «Қазақстандағы конституциялық өзгерістер: бұл мемлекет пен азаматтар үшін нені білдіреді?» тақырыбында өткен дөңгелек столға қатысты.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Конституциясының жобасына енгізілген өзгерістерге қатысты негізгі мәселелер талқыланды.
Ұсынылып отырған конституциялық өзгерістердің құқықтық мәні, сондай-ақ олардың мемлекеттік басқару жүйесіне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мен қорғауға, құқықтық мемлекетті дамытуға ықпалы қарастырылды.
Дөңгелек столда қатысушылар пікір алмасып, өзекті проблемалық мәселелерді атап өтті және халықтың құқықтық сауаттылығын арттырудың, мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы ашық диалогты дамытудың маңыздылығын ерекше атап өтті.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі